Аталған орталық шаһардағы Кривенко, 25 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратта орналасады. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Open Pavlodar-да тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады, - деді Әнуар Күмпекеев. – Мұнда кәсіпорындарға қажет техникалық ережелер беріліп, құқық қорғау органдарының өкілдері қызмет көрсетеді. Оның ішінде прокуратура, полиция департаменті мен сот органдары өкілдері тұрғындарға көмек беретін болады".
Қала әкімі тұрғындардың ыңғайлылығы үшін Open Pavlodar орталығы онлайн төлемдерді қабылдау терминалдарымен қамтылатынын атап өтті.
Жалпы бұл орталық мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығы мен сыбайлас жемқорлық көріністерін кемітуге жағдай жасайды. Оған қоса, Әнуар Күмпекеевтің айтуынша, қазіргі кезде балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, мектептердегі кітапханалар мен тамақтандыру жүйелерін цифрландыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, "E-көлік" бағыты бойынша қала ішіндегі қоғамдық көлікте электрондық билеттеу жүйесі енгізілмек.