Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

1132

Өрт болған жерден 1980 жылғы ер азаматтың денесі табылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың орын алу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Бүгін түнде Павлодар қаласындағы Бектұров көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Кезекшілік бөліміне сағат 00.18-де хабарлама келіп түсті. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен бес техника жұмылдырылды. Бірінші подъезд, үшінші қабаттағы электр қалқанында электр сымдары тұтанып, 0,5 метр аумақ жанған, - дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 15 адамды сыртқа шығарған. Олардың үшеуі – бала. Өрт сағат 00.30-да толығымен сөндірілді.

Бұдан басқа, Лесная көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан "ILXOR PV" ЖШС-ге тиесілі бокс отқа оранған. Өрт салдарынан 21 шаршы метр шатыр опырылып түскен.

Сағат 07.20-да тіркелген қызыл жалын сағат 08.40-та толығымен сөндірілді. Жеке құрамнан жеті адам мен екі техника жұмыс істеді. Өрт болған жерден 1980 жылғы ер азаматтың денесі табылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың орын алу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу