Павлодарда көркем гимнастикаға арналған жаңа ғимарат салынады

354

Құрылыстың жобалық мерзімі 15 айды құрайды.

Павлодарда көркем гимнастикаға арналған жаңа ғимарат салынады Фото: Валерий Бугаев

Бүгін облыс әкімі жобалаудың барысымен және жобаның алғашқы эскиздерімен танысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы бірнеше жыл ішінде "Баянтау" спорт кешенінде және басқа да жалға алынған залдарда жаттығатын балалардың ата-аналары көркем гимнастикаға арналған арнайы спорт ғимаратын салу мәселесімен жүгінген болатын.

Өңір басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасымен өткен жылы облыстың құрылыс басқармасы заманауи көркем гимнастика орталығының ғимаратын жобалау жұмыстарын бастады.

Бүгін облыс әкімі жобалаудың барысымен және жобаның алғашқы эскиздерімен танысты. Жалпы ауданы 7 633,6 шаршы метрді құрайтын ғимаратты "Спорт-Сити" спорт кешенінің аумағында орналастыру жоспарлануда. Ол үш блоктан тұрады, орталық блоктың биіктігі 18,6 метр, екі жағы – 15 метр.

– 1 қабатта халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған гимнастика залы, оқу-жаттығу залдары, бассейн, тамақтану залы бар асхана және т.б. орналасады деп жоспарлануда. 2 қабатта – хореографияға арналған залдар, конференц-зал, 278 орындық көрермендер трибунасы болады, – делінген хабарламада.

Жаңа орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Содан кейін қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.

– Көркем гимнастика – олимпиадалық спорт түрі. Әсемдік пен эстетиканың артында жас спортшылар мен жаттықтырушылардың орасан зор еңбегі жатыр. Павлодарлық гимнасттар Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, тұғыр биігінен көрініп жүр және көптен бері тиісті талаптарға сай жағдайларға әбден лайық, – деп атап өтті өңір басшысы.

Асайын Байханов ұсынылған жобаны мұқият қарап, барлық қажетті дайындық жұмыстарын уақытылы жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу