Павлодарда коронавирус анықталған ер адам 2 аптадан соң көз жұмды

687

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқасқа қатысты мәлімет берді.

Павлодарда коронавирус анықталған ер адам 2 аптадан соң көз жұмды

57 жастағы павлодарлықтан COVID-19 сәуірдің 23-і күні анықталып, ер адам инфекциялық стационарға жатқызылған екен. Науқастың сондай-ақ жіті бронхит диагнозы болған және 2-типті қант диабетімен есепте тұрған. Оның жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланыпты.

"26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды. Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өткізілді. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды. 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды. Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді. 6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталды",– деп мәлімет береді Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу