Павлодарда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала босанды

767

Баланың салмағы – 3660 грамм.  

Павлодарда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала босанды

2000 жылғы пациентте 24 сәуір күні COVID-19 инфекциясы расталғаннан кейін сол күні аталмыш пациент ер баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

 "КВИ расталған пациенттердің дүниеге бала тууы арнайы жабдықталған хирургиялық араласу менәйелдерді босандыруға арналған хирургиялық-акушер госпиталында қабылданды. Алгоритмге сәйкес нәрестеден анализ алынды, нәтижесінде теріс көрсеткіш анықталды, яғни індет жұқтырмаған",  – дейді баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің денсаулығы бірқалыпты, тұрақты.

Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылып, нәресте дәрігерлердің бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу