Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңнан аса шетел азаматы жауапқа тартылды

336

137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңнан аса шетел азаматы жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта облыс аумағында 8 654 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Былтыр 8,5 мыңнан астам азамат полиция органдарына тіркелген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өзге елден келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 490 азамат және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

"Ал, жалпы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2015 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот өзге елдің 121 азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Былтыр Павлодар облысында тұрып жатқан 853 шетелдік ҚР азаматтығын алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу