Павлодарда кран машинисі 15 метр биіктен құлап кетті

130

Оның бірнеше жері сынып, ауыр жарақат алған.  

Павлодарда кран машинисі 15 метр биіктен құлап кетті Фото: egemen.kz

Зардап шеккен әйел бірнеше жерінен жарақат алған: аяқтары, жамбасы, қабырғалары сынған, сондай-ақ бас миы шайқалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Әйел есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу