Павлодарда КСРО төлқұжатымен жүрген 12 адам анықталды

133

Аталған азаматтардың тиісті құжаты болмағандықтан олар осы уақытқа дейін түрлі жәрдемақылардан қағылып, мемлекеттік қызметтерді алудан қиындық көріп келген.

Павлодарда КСРО төлқұжатымен жүрген 12 адам анықталды Фото: GOV.KZ

Павлодар облысының көші-қон қызметі 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұрып келген тұрғындарды анықтады. Олардың дені – ертеректе ТМД елдерінен көшіп келген азаматтар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ертіс-Баян өңірінің полицейлері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды уақтылы алмаған және 18 жасқа толғанда тиісті құжатталмаған адамдарды анықтады. Олардың кейбірі ескі кеңестік төлқұжатпен өмір сүріп келген.

– Жыл басынан КСРО үлгісіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 12 павлодарлық анықталды. Бұған қоса 18 жасқа толса да жеке куәлік ресімдемеген 20 азамат, сондай-ақ азаматтығы жоқ, бірақ куәлік ресімдемеген 8 тұрғын анықталды. Олардың барлығына тиісті құжаттары жасалды. Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер, олар сол елдің жарамдылық мерзімі өткен төлқұжатымен жүрген. Көбі КСРО-ның бұрынғы одақтас мемлекеттерінен кәмелет жасына толмай тұрып Қазақстанға көшіп келген, – дейді Павлодар облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу