Павлодарда қуаттылығы 37 мың тонна элеватор іске қосылды

1289

Өңірде қуаттылығы 264 мың тоннаны құрайтын алты лицензиясы бар элеватор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бидай сақтау қоймаларына 136 мың тонна бидай жеткізілген. 

Павлодарда қуаттылығы 37 мың тонна элеватор іске қосылды

Ленин кентінде орналасқан жаңа бидай қоймасында бидайдың сапасын анықтау үшін толық жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана қарастырылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Элеватордың ашылуына облыс әкімі Болат Бақауов қатысты. Аймақ басшысы кәсіпорында барлық процесс автоматтандырылғанын атап өтті.

Технологиялық жабдықтауға келетін болсақ, бидай сақтау орнында кептіргіш, желдеткіш және бидайды сақтау сыйымдылығы, көтеру көлік техникасы және тағы басқалары бар. Бұл жерде сырттан әкелінетін және сақтауда тұрған бидайдың сапасын анықтайтын зертхана істеп тұр.

"Біз лицензия алып, ең білікті мамандарды жалдадық. Олардың бұл саладағы тәжірибесі мол. Заңды тұлғалармен бірге жеке кәсіпкерлерге де қызмет көрсетеміз", – дейді "GROUP KSM" ЖШС директоры Бекзат Ұмұтшақов.

Екі жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан жобаның құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынды іске қосудың нәтижесінде 45 адам жұмыспен қамтылды.

 Компания басшылығы болашақта қарақұмық және арпа өндіретін зауыт ашуды көздеп отыр.

"Жарма шығару өте тиімді. Себебі, бұл өнімнің басым бөлігі экспортқа кетеді. Егер де сіз сатып алатын болсаңыз, шаруаларды арпа, сұлы, тары өсіруге бағыттай аламыз", – деді облыс әкімі.

Өңірде қуаттылығы 264 мың тоннаны құрайтын алты лицензиясы бар элеватор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бидай сақтау қоймаларына 136 мың тонна бидай жеткізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу