Павлодарда құны 400 млн теңге тұратын заңсыз вейп сатқандар ұсталды

132

Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

Павлодарда құны 400 млн теңге тұратын заңсыз вейп сатқандар ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодарда электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған.

 Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

 Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған 3 автокөлікке ("Toyota Land Cruiser", "Toyota Highlander", "Chevrolet Camaro") тыйым салынды.

Төрт күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу