Жобалық-сметалық құжаттамалары әзір болғанымен, республикалық қазынадан қаржы бөлінбей жатыр. Павлодар қаласын Шығыс жағынан сырт айналып өтетін транзиттік трасса, Омбы-Майқапшағай күре жолын жалғайды. Ұзындығы 33 шақырым. Құрылысы екі бөлікпен жүргізілетін жоба, екі жыл бұрын әзір болған. Оған, "ҚазАвтоЖол" Үкіметтен 21 млрд теңге сұрап отыр. Ал, былтыр Ертіс өзеніне жаңа көпір салу жобасы бекітілді. Оның құны 40 млрд теңге. Бұл қаржыға ескі өткелді бұзу жұмыстары да кіреді. 60 жыл бұрын пайдалануға берілген көпір әбден тозған. Салмағы 10 тоннадан асатын көліктерді көтере алмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу