Павлодарда Құрбан айт мерекесіне орай 20 қазаннан астам палау пісіріледі

1909

Павлодарда Құрбан айт мерекесіне арналған шаралар 11 тамыз күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағында өтеді.

Павлодарда Құрбан айт мерекесіне орай 20 қазаннан астам палау пісіріледі

Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлының айтуынша, мерекелік шаралар тамыз айының 11-і күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жылдағыдай саябақтағы шарамыз ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Жолдас Қоспақұлының құттықтауымен басталады. Облыс орталығында орналасқан 7 мешіттің әрқайсы 3 қазан палау пісіреді", – деді Қанат Қабдыкәрімұлы.

Сондай-ақ кешкі сағат 18:00-ге дейін күрес, арқан тартыс және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, балаларға сыйлықтар таратылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу