Павлодарда құрылыс үшін 213 саяжай сатып алынады

1269

Олардың иелеріне 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін өтемақы беріледі.  

Павлодарда құрылыс үшін 213 саяжай сатып алынады

Павлодар қаласында саяжай учаскелерін мемлекеттің игілігіне алу жұмыстары жалғасады. Олардың орнына әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынады. 

Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуандық Жәміновтің сөзінше, шаһардың жаңа бас жоспарына сәйкес, Жетекші ауылының тұсынан айналма жол салу жоспарланған. Ол үшін меншік иелерінен 213 саяжай учаскесін сатып алу көзделуде. Әрбір учаскеге 500 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. 

"Қазіргі уақытта 50 учаскенің иесі келісімін берді. Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары тағы үш өтінімді мақұлдады", – деді Қуандық Жәмінов қалалық мәслихаттың сессиясында. 

Сонымен қатар, "Сарыарқа" шағын ауданын салу үшін жеке меншіктегі 750 шаршы метр жер мемлекет игілігіне алынған. Сатып алынған аумаққа баспана кезегінде тұрғандар үшін тоғыз қабатты тұрғын үй салынады. 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу