Патологиялары бар балалар үш-жеті жас аралығында, деп хабарлайды "Павлодар-онлайн"
"Тазаланбаған пәтерде төрт бала болды. Барлығы науқас, жүрмейді. Қыздың қарыны үлкейген, ұлдардың бірі екі күннен астам құсқан. Екі үлкен бала аяғын шығарып алған. Олар үш күн тамақ ішпеген, азық-түлік жоқ. Жедел жәрдем дәрігерлері оларды шұғыл анасымен бірге ауруханаға жатқызды. Киімдері болмады, үйден табылғанын киді", – дейді Vita іздеу жасағының еріктілері.
Анасының айтуынша, шамамен бір жылдан бері балалар жүре алмаған. Балалар ешқандай медициналық мекемеге тіркелмеген, дәрігерлерге көрсетілмеген.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүкіл отбасы коронавируспен ковид бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалайды.
Екібастұз қаласының әкімдігінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берілді. Әкімнің орынбасары Мәриям Маликованың айтуынша, қорғаншылық органдары отбасы туралы ақпарды полицейлерден білген. Полицияға көршілері айтқан. Балалардың 1994 жылы туған анасы мен әкесі бар екені белгілі болды. Әкелері "Богатырь Көмір" ЖШС мердігерлік ұйымдарының бірінде жұмыс істейді. Олар үнемі бір жерден екінші жерге көшумен жүрген.
"Қазір ең бастысы – балалардың денсаулығы. Балалар әлсіреп, жүре алмаған. Олардың жағдайы толық белгілі болған соң, мәселені кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиямен қарастырамыз", – дейді Маликова.
Әкімдікте белгілі болғандай, балалардың анасы ішпейді, есепте тұрмайды.
Мамандар жас әйелдің неге балаларды осындай күйге келтіргенін анықтап, отбасын әлеуметтендіруге тырысады.