Павлодарда Қытай азаматтары су жануарларын өндіретін зертхана ұйымдастырған

652

Олар Қазақстанға жаздың ортасында келген.  

Павлодарда Қытай азаматтары су жануарларын өндіретін зертхана ұйымдастырған Фото: видео скриншот

Қытай азаматтары пәтерде су жануарларын өндіру зертханасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар Қазақстанға жаздың ортасында келген.

Екі қытай азаматы Усол шағын ауданындағы жалдамалы пәтерде елден әкетуге тыйым салынған су жануарларын өндіру бойынша зертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тәртіп сақшылары қоңыр түсті ұнтақ пакеттер, түтіктер мен сұйықтықтары бар шыны аквариум тапқан. Қытай  азаматтары үй жағдайында жануарларды қалай өндіргенін және оны қайда шығарғандарын айтып берген.

ҚР ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу