Павлодар облысында автокөлік өнеркәсібіне арналған алюминий дискілері мен қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл мәселе Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен қытайлық Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd және Hua An International Investment Management LLP компанияларының өкілдері арасында өткен кездесуде талқыланды.
Өңір басшысы инвесторларға қолайлы жағдай жасау – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде қытайлық компания өкілдері зауыттың заманауи технологияларға негізделетінін және өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары болатынын жеткізді.
Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd – өз саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Ол өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Латын Америкасы және АҚШ нарығына жеткізеді.
Қазіргі таңда тараптар жобаны жүзеге асырудың нақты қадамдарын пысықтауда.