Павлодарда қыз ұзатуға барған қонақтар ауруханадан бір-ақ шықты

334

15 адам ауруханада жатыр. 

Павлодарда қыз ұзатуға барған қонақтар ауруханадан бір-ақ шықты Фото: Depositphotos.com

Өткен демалыс күндері Павлодарда улану белгілері бар 33 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді. Олардың арасында жүкті әйел мен бала да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

26 ересек адам стационарға, ал бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Барлық науқасқа тағамнан улану диагнозы қойылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде қарастырылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 15 адамның ауруханаға жатқызылғанын, қалғаны амбулаториялық ем қабылдап жатқанын нақтылады.

"Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқастардың бәрі қаладағы бір мекемеде өткен іс-шарадан кейін бактериалды ішек инфекциясының белгілерімен жүгінген. Бүгінде олардың жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр, интоксикация, диарея және қызу симптомдары байқалады", - деп хабарлады басқарма.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, қыз ұзату тойынан кейін қонақтар көмекке жүгінген. Уланғандардың дені салат жеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу