Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан. Пакетте зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған.
Жәбірленуші сол сәтте бірден полицияға хабар береді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден ұстайды. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу