Павлодарда магнит арқылы есірткі жасырып жүрген күдікті ұсталды

50

Күдікті қамауда отыр.

Павлодарда магнит арқылы есірткі жасырып жүрген күдікті ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Павлодар ПД есірткі қылмысына қарсы полиция қызметкерлері мен Павлодар облыстық прокуратурасы бірлесіп магниттің көмегімен есірткі жасырған 23 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ер адам жедел іс-шара барысында ұсталды. Оның гараждардың темір қақпаларына есірткі салынған орамаларды магнитпен жабыстырып, кейін суретке түсіріп, орналасқан жерінің мәліметтерін жіберіп отырғаны анықталды. Ұстау кезінде оның жанынан ақ түсті ұнтақ салынған, изолентаға оралған бес клипбокс табылды. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері күдіктінің смартфонын тәркіледі, онда тыйым салынған заттар жасырылған орындардың координаттары мен сипаттамасы болған. Кейін Павлодар аумағында жедел уәкілдер есірткі салынған 25 жасырын орынды тапты, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство мәліметінше, әр жасырын ораманың ішінде кішкентай магнит болған. Сол магниттің көмегімен сверток құбырларға, есіктерге және басқа металл беттеріне бекітіліп отырған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, орамалардың ішінен жалпы салмағы 17 грамнан асатын синтетикалық есірткі табылған. Бұл – аса ірі көлем болып саналады.

Қазір есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, өндіру және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу