Павлодарда мас күйде автобус жүргізген азамат қамауға алынды

494

Жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды.

Павлодарда мас күйде автобус жүргізген азамат қамауға алынды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

26 сәуірде сағат 07.00 шамасында Павлодар қаласының Қамзин – Теплов көшесінде Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейлері ақырын жүріп келе жатқан автобусты тоқтатқан.

"Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру 40 жастағы жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгенін растады. Автобуста жолаушылар болған жоқ. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды", деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

26 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Онда полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді. 

Павлодар қаласының полиция басқармасы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге автобус жүргізушілерінің қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару бойынша сақтық шараларын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу