Полицейлік катермен Ертіс өзенін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан адамды ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жағдайды жедел бағалаған полицейлер көмекке асығып, 23 жастағы облыс орталығының тұрғынын судан алып шықты. Ер азамат мас күйінде киіммен және арқасына рюкзак іліп алып, Ертіс өзенінен жүзіп өтпек болған".
Қала тұрғынын полицейлер экипажы жағаға жеткізіп, туыстарына тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу