Павлодарда мас жүргізуші қамауға алынды

468

Жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Павлодарда мас жүргізуші қамауға алынды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 30 сәуір күні сағат 22:25 шамасында академик Бектұров көшесі 20 мекенжайында болған. 

"Жүргізушіге жақындадым. Әңгімелесу кезінде алкогольдің иісі шықты. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші “орташа дәрежелі” мас болған. 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков. 

Құқық бұзушының айтуынша, сол күні кешке ол ішімдік ішіп, “қаланы айналып өтуге” барғысы келген. Автотұрақтан шығып, бірнеше метр жүріп өтіп, автопатрульді байқап, ұсталмас үшін тағы да тұраққа тоқтаған. Айта кету керек, биыл Павлодар полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйде жүргізудің 408 дерегінің жолын кесті. 

Барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу