Павлодарда медицина саласына 2 млрд теңге қажет

979

Павлодарлық дәрігерлер жалақысын ала алмай жүр.  

Павлодарда медицина саласына 2 млрд теңге қажет

Қаржының жетіспеушілігінен ақ халаттылардың ақысы ғана емес,  дәрі-дәрмек тапшылығы да байқалған, деп хабарлайды Atameken Business.

Аймақтың медицина саласына жалпы құны 2 млрд теңге қажет екен. Өңірге жұмыс сапарымен келген вице-премьер Бердібек Сапарбаев мәселені жыл соңына дейін шешуді тапсырды. Еңбекақы мен ем-дом сапасының сын көтермеуі жалғыз проблема емес. Сонымен қатар, облыста сәбилердің шетінеуі 30 пайызға артқан. Өңірдің 49 мың тұрғыны міндетті медициналық сақтандыруға әлі тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу