Павлодарда медициналық мамандар жетіспей жатыр

742

Коронавируспен қатар аймақта жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар мен өкпе қабынуына шалдыққандар саны күн санап өсіп барады. 

Павлодарда медициналық мамандар жетіспей жатыр

Павлодарда коронавирус жағдайының күрделенгені сонша, облыс орталығында медициналық мамандар жетіспеуде. Сол себепті жергілікті билік өңірдегі аудандардан дәрігерлер мен медбикелерді қалаға уақытша жұмысқа алдыртып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Аудандардан келетін 35 маманның жатар орны мен тамағы үшін облыс қазынасынан ай сайын 6 млн теңге бөлінеді.

Бүгінгі таңда Кереку өңірінде КОВИД-19 бойынша 686 жағдай тіркелген. Олардың 151-де клиникалық ауру белгілері жоқ. Сондықтан республикалық есепте тек 535 саны көрсетілген. Індеттен көз жұмғандардың саны – 13.

Коронавируспен қатар аймақта жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар мен өкпе қабынуына шалдыққандар саны күн санап өсіп барады. Тек өткен тәулікте 315 адам ауруханаға түскен. Пациенттерді жатқызатын орын жетіспегендіктен, Павлодар қаласында үш аурухананы провизорлық стационарға айналдырды. Ондағы төсек орындардың саны мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу