Павлодарда мейкатон ТОМ: Kazakhstan марафонының жеңімпаздары анықталды

909

Павлодарда мейкатон ТОМ: Kazakhstan марафонының жеңімпаздары анықталды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған 72 сағаттық марафон өз мәресіне жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, функционалдық қозғалыс белсенділігі бұзылған Валентина Толмачеваға өз бетімен жүруге мүмкіндік беретін экзоқаңқа жасаған Қарағанды мен Алматының "Custodians" студенттер құрамасы жеңіске жетті. Табанның ішінара ампутациясы кезіндегі салынбалы аяқ киімін жасаған ИНЕУ командасына екінші орын бұйырды. Ал үшінші орынды екі команда өзара бөлісті. Оның біреуі қимыл-тірек қозғалыстары шектеулі адамдар үшін еден жуатын құрылғыны ПМУ студенттері жасаған болса, екіншісі Ақтаудан келген Дмитрий Куричев бастаған павлодарлық "Неудержимые" командасы тік лифтті шкаф құрастырған.

Жобаның негізгі қорытындысы 2017 жылдың 26 шілдесінде Астанада өтеді.

Мейкатондар 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде аталған шараларға 1472 мейкер қатысып, 152 өнертабыс дүниеге келді. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 600 мыңнан астам мүгедек бар. Бірақ біз оларды көшеден өте сирек көреміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден шықпайды. Өйткені, олар өз бетімен аяқ киімнің бауын байлау немесе тамақ ішу секілді қарапайым дүниелерді жасай алмайды. Сондықтан мейкатон ТОМ: Kazakhstan сияқты шаралар еліміз үшін үлкен әлеуметтік мәнге ие.

Еске сала кетейік, еліміздің әрбір өңірінен жиналған өнертапқыштар марафоны 16-мамыр күні басталған. Шараның ашылу салтанаты кезінде жастар өзіндігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедек жандармен кездесіп, олардың өтініші бойынша әртүрлі тұрмыстық заттарды жасауға кіріскен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу