Павлодар облысында бір ауылдан екінші ауылға оқушыларды тасымалдайтын автобустан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, оқушылар автобусы Коряковка, Заңғар, Даниловка елді мекендерінде тұратын 20 баланы Ефремовка елді мекеніндегі орта мектепке тасымалдайды. Өрт шыққан кезде автобуста алты оқушы, бір мұғалім мен жүргізуші болған.
"Ефремовка және Даниловка ауылының арасында 2007 жылы шыққан автобус толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін жүргізуші алты баланы далаға шығарып үлгерді", – деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алты оқушының барлығы үйіне жеткізілді. Дәрігердің көмегіне ешкім жүгінген жоқ.
Шәкірттерді тасымалдайтын автобустың пеші осы жылдың 16 желтоқсанында техникалық қызмет көрсету орталығында ауыстырылған еді. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алды. Төтенше жағдайлар қызметі тиісті сараптама жүргізген жоқ нақты қорытынды шығарылады.
Ажар Дәулетова