Павлодарда мектепке жарылғыш зат қойылғаны хабарланған

511

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. 

Павлодарда мектепке жарылғыш зат қойылғаны хабарланған Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полиция мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының №34 мектебінің электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады", - делінген IIM хабарламасында.

Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу