Павлодарда мектептен өрт шығып, 500 шақты адам эвакуацияланды

769

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ға сілтеме жасап.

Павлодарда мектептен өрт шығып, 500 шақты адам эвакуацияланды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан. 

"Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды. Өрт сағат 11.41-де өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деді департаменттен. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкері және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу