Павлодарда мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік клиникалар көбейіп келеді

949

Өткен жылмен салыстырғанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызмет ұсынатын жеке клиникалардың саны бес ұйымға артқан.   

Павлодарда мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік клиникалар көбейіп келеді

Бүгінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында тегін медициналық көмекті мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да алуға болады. Мәселен, Павлодар облысында биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 64 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оның 31-і – жекеменшік. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Павлодар облыстық филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жеке клиникалардың саны бес ұйымға көбейген.  

Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр елімізде негізгі аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті азаматтар. Павлодар облысында өткен жылы 5 ауру түрі бойынша өлім-жітім саны алдыңғы қатарға шыққан.

Онкологиялық сырқаттардан – 1 912, қан айналымы жүйесінің ауруларынан – 1 433, ас қорыту жүйесі ауруларынан – 805, түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан 712 және тыныс жолдары ауруларынан 463 адам қайтыс болған. Ал 2,9 млн адам жыл сайын ауруханада ем қабылдайды екен. Олардың басым бөлігі, яғни, 70 пайызы ауруханаға шұғыл жататындар қатарынан. Бір сөзбен айтқанда, ел азаматтары өмірлеріне қауіп төнген кезде ғана дәрігерге қаралады. Бұл үрдісті болдырмау үшін мамандар алдын алу тексерістерін жүгізуге шақырып отыр.

Биыл Павлодар облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 39 млрд теңге бөлінген. Оның 12,7 млрд теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке бағытталып, профилактикалық іс-шараларға жұмсалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу