Қаңтардың алғашқы күндері қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты облыс орталығында коммуналдық қызметтер көшеде қарқынды түрде қар шығаруда. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінде мәлім етті.
"1-2 қаңтар аралығында үш мың тонна қар шығарылса, қыс басталғаннан бері қала көшелерінен 33 мың тонна қар жинап, шығарылды. Өткен түнде көктайғаққа қарсы материалмен себуге тартылған 50 сыпырғыш және 16 құм таратқыш техника жұмыс істеді", - делінген әкімдік таратқан мәліметте.
Бүгінде 110-нан астам мамандандырылған техника: әртүрлі модификациядағы 75 самосвал және 35 тиегіш қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Жолдардың, аялдама павильондарының және жаяу жүргіншілер өткелдерінің шекаралас бөлігін қардан тазартуға 200 адам тартылды.
Қар шығару жұмыстары бірінші кезекте магистральдік көшелерде жүргізіледі. Бұл қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалады.