Павлодарда мешіттерде құрбандық шалынды

1050

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалып, Алладан көбірек дұға тілейік деп үндеу тастаған еді.

Павлодарда мешіттерде құрбандық шалынды

Павлодар облысында ел халқы індеттен аман шығуы үшін құрбандық шалды. Бұл туралы "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Еліміздегі мешіт қызметшілеріне арнап Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "ел басына қауіп төнген осындай сын кезеңде Алладан дұға тілеп, құрбан шалудың маңызы зор. Қазақта қуаңшылық болып, қауіп-қатерге душар болғанда құрбандық шалып, Алладан дұға тілейтін жақсы дәстүр бар. Алладан рақым, медет, шипа сұрау мақсатында құрбан шалып, дұға тілеудің артығы жоқ. Бәрін беретін – Алла Тағала. Сондықтан еліміздің барлық аймағында құрбан шалып, Алладан көбірек дұға тілейік" деп үндеу тастаған еді", – дейді Амантай Тойшыбайұлы.

Халықтың бірлігі бекем болуын тілеп, ел халқын індетттен аман-есен сақтау ниетімен дұға жасаған Павлодар қалалық мешіті имамдары бірлесіп "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде құрмалдық шалды.

Сонымен қатар, Ақсу,  Екібастұз, Шарбақты ауданыының имамдары да  Аллладан жарылқау тілеп құрбан шалып, етін мұқтаж отбасыларға бөліп берді.

Фото: tripadvisor.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу