Павлодарда модульді инфекциялық госпиталь ашылды

560

Жаңа емдеу мекемесі 200 науқасқа арналған.  

Павлодарда модульді инфекциялық госпиталь ашылды

Облыс орталығындағы госпитальдің құрылысы тамыз айында басталған болатын. Инфекциялық стационарды салу үшін мемлекеттік қазынадан 7,3 млрд теңге бөлінді.

Жалпы аумағы 6800 шаршы метр болатын емдеу орнында 20 орынды реанимация бөлімі, шағын ота жасау бөлімі, ПТР-тест пен экспресс-тест зертханалары, компьютерлік томография, рентгенография, электрокардиография, бронхоскопия бар. Сонымен қатар, өкпені жасанды желдететін 24 аппаратпен, оттегі беру жүйелерімен толық қамтылған. Мұнда 88 тәжірибелі дәрігер мен 240 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейтін болады.

"Қысқа уақыт аралығында заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған инфекциялық госпиталь салынды. Бұл емдеу мекемесі бүгінгі күні ауадай қажет. Келесі аптадан бастап алғашқы пациенттерді қабылдап, жан-жақты медициналық көмек көрсететін боламыз", – дейді Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың директоры Арман Мұсабеков.

Пандемияның беті қайтқан соң госпиталь пульмонологиялық бөлім ретінде жұмысын жалғастырады. Жыл соңына дейін облыстық аурухана жанынан тағы бір инфекциялық және тері-венерологиялық бөлім ғимараттарының құрылысы аяқталуы тиіс.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу