Павлодарлық "ҚазТрансОйл" АҚ мекемесінің маңынан мұнай құбыршыларының аллеясы ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Өзінің 20 жылдығын тойлаған "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қызметкерлері қалалық сенбілік аясында екі жүзден астам ағаш екті. Аллеяның қақ ортасында естелік тақтайшасын орнатты. - Біздің кәсіпорын "20 жыл - 20 игі шара" атты акцияны бастады, - деп атап өтті "ҚазТрансОйл" АҚ Шығыс филиалының басшысы Мұхит Маженов. - Мұндай аллеялар компаниямыз жұмыс жасайтын барлық облыс орталығында ашылуда. Өз кезегімізде, көркі мен тазалығы жарасқан қаламызға үлесімізді қосқанымыз үшін қуаныштымыз.
Айта кетейік, аймақ басшысы Болат Бақауов та аллеяда өзінің ағашын отырғызды. Бұдан кейін облыс әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жағалау маңына қарай барып, жұмыстармен танысты. Артынша қала басшысы Нұржан Әшімбетовке жағажайға баратын жолдағы үйлердің иелерімен сыртқы қоршауларын біркелкі ету керектігі жөнінде сөйлесіп керек деп тапсырма берді.