Өзен маңынан өтіп бара жатқан екі ер адам көмек сұрап айқайлаған естіген, деп жазады inbusiness.kz.
Көмекке келгендердің бірі "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері болып шықты.
"Азаматтық қорғау қызметкері С.Н.Маймаков дереу 112 құтқару қызметіне қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлады. Содан кейін екеуі жол бойынан ұзын таяқ тауып алып, қиындыққа тап болған адамға қарай жүгіріп барып, құтқарушылар келгенге дейін батып бара жатқан балықшыны ұстап тұрған", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнына келген құтқарушылар құтқару тақташасы мен құтқару құрылғыларының көмегімен балықшыны жағаға шығарып алып, көмек көрсету келген медицина қызметкерлеріне тапсырды.