Павлодарда Наурыз мерекесі күндері дүниеге 99 сәби келген

834

Павлодарда Наурыз мерекесі күндері дүниеге 99 сәби келген

Павлодарда мереке күндері дүниеге 99 сәби келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына  облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған  жауапқа сүйенсек, олардың 54-і - қыз бала, 45-і - ұл бала. Дегенмен мейрам күндері жедел жәрдем бригадасына жүкті әйелдерден басқа, қарапайым тұрғындар тарапынан шалынған қоңырау саны толастамаған. Әсіресе, 23-наурыз күні 757 қоңырау тіркелген. 19-23 наурыз аралығында 3467 адамнан ақ желеңділерге  шақырту түсіп, 511 науқас ауруханаға жатқызылған. Оның ішінде көп кездесетін ауру түрлері - артериалдық гипертензия, ӨЖРЖ, өткір психоз, алкогольдік мастық жағдайда болу. Айта кетерлігі, мамандар мұндай жағдайды мереке күндерімен байланыстырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу