Павлодарда Нефтехим LTD тас көмірден сұйылтылған газ өндірмек

1189

Павлодарда Нефтехим LTD тас көмірден сұйылтылған газ өндірмек

Метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен зауыты сұр тас көмірден сұйылтылған көмірсутекті газын шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Нефтехим LTD" ЖШС жылына 20 мың тонна метил-трет-бутил эфирін, 30 мың тонна полипропилен және 50 млн пропилен қап шығарады.

2009 жылы құрылған кәсіпорында бүгінгі таңда 598 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы – 138881 теңге. 2005 жылы компания метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен өндіретін зауыттың құрылысы бойынша Қытай елінің "Сан-Бао" фирмасымен келісімшартқа отырған. Жобаның құны 5,5 млрд теңгені құрады.

Метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен шығару үшін шикізат сұйылтылған газ түрінде "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ-дан түседі.

"Қазіргі таңда үлкен көлемді цементтерді қаптауға биг-бэг шығаруды көздеп отырмыз, - дейді "Нефтехим LTD" ЖШС-нің бас технологы Рустем Кереев. – Бұл өнімге еліміздегі зауыттарда сұраныс бар. Болашақ сатып алушылармен алдын ала жұмыс жүргізілді. Бірінші кезекте отандық тұтынушыларға назар аударылады. Бүгінде жылдың соңына дейін іске қосылатын зауытқа жұмысшыларды қабылдау жүріп жатыр. Жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. Қуаттылығы 2 миллион биг-бэг шығаруға мүмкіндік береді".

Оның айтуынша, ҚР даму және инвестиция министрілігіне Майкөбен көмір бассейнінің тас көмірінен сұйылтылған газ шығару туралы жобаны қарастыру ұсынылған.

Айта кетейік, метил-трет-бутил эфирі Euro 3 стандартты жоғары октанды бензин шығару үшін құрамында оттегі бар қосынды болып табылады. Полипропилен – әлемдік нарықта түрлі пластмасс шығару үшін жоғары сұранысқа ие өнім. Шығарылатын өнімнің басым бөлігі шет елге экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу