Павлодар облысында балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды

681

Павлодар облысында балаға қол көтерген мамандандырылған балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Павлодар облысында балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды Фото: pavlodarnews.kz

Сот тәрбиешіні 5 жасар баланың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деп таныды.

Павлодар қаласы білім бөлімінің мәліметінше, сот шешімінен кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Сондай-ақ сот тәрбиешіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 АЕК 3180 теңгеге тең) айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу