Павлодарда оқушы қызды зорлаған бапкер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

287

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодарда оқушы қызды зорлаған бапкер өмір бойы бас бостандығынан айырылды Фото: Петр Карандашов

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және есірткі қолдануға итермелеу) айып тағылды. Біріншісі бойынша, ол бүкіл өмірін түрмеде өткізуге мәжбүр болады.

– Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен, кәмелетке толмағандармен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалсын.

– Қылмыстық кодекстің 299-бабының 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру. Қорытынды жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалсын, – деп жариялады сот Құдабай Сұлтанов.

Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Жәбірленуші тарап сондай-ақ үш миллион теңге көлемінде талап-арыз берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу