Павлодарда оқушы мұғалімді тұншықтырмақ болды

154

№11 мектепте күзгі бал кезінде мұғалім мен оқушы арасында жанжал туындаған.

Павлодарда оқушы мұғалімді тұншықтырмақ болды Фото: canva

Ақпаратты Павлодар облыстық Полиция департаменті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, акт залында өткен шара барысында мұғалімнің ескертуінен кейін 9-сынып оқушысы әйел ұстазды мойнынан қысып, біраз уақыт бойы тұншықтырған. Кейін оқушы мұғалімді жіберіп, залдан шығып кеткен.

– №11 мектепте болған оқиғаны растаймыз. Құқық қорғау органдары ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, іс материалдары сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар қалалық білім бөлімі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізілген, ал оқушының әрекеті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу