Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

263

Алдын ала диагноз жоспарлы флюорографиядан өту кезінде анықталған.

Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды Фото: ЖИ

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы қыздың жағдайы ойдағыдай, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, тексеріске дейін қыз баланың бойынан ауру белгілері байқалмаған. Сол себепті сабағына барып жүрген. Туберкулез белгілері дүйсенбі күні анықталды. Сол күні мамандар №3 мектеп гимназия мен оқушының тұратын үйін инфекциядан тазартып шықты.

Қазір санитарлық дәрігерлер қыз баланың отбасын – анасын, үш бауырын тексеріп жатыр. Бұған қоса, мектепте эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. Оқушылардан бөлек, мектеп қызметкерлерін де флюорографиядан өтуге жіберді, оқушының сыныптастарына манту салды.

"Қазір тексеру жүру үшін оқушымен тығыз байланыста болғандар анықталып жатыр. Дезинфекциялық қызмет үй аумағында және оқу орнында соңғы дезинфекциялық іс-шаралар өткізді", – дейді Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Әлменова.

Тексеру 30 күнге дейін жалғасады. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, әзірге карантин енгізуге еш себеп жоқ. Оқушының диагнозы алдын ала қойылған болып есептеледі.

Дәрігерлер туберкулездің емделетінін айтты. Оны тезірек емдеу үшін уақытылы анықтап, терапияны жылдам бастау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу