Павлодарда оқушылар емен жаңғағын отырғызуды дәстүрге айналдырмақшы

904

Павлодарда оқушылар емен жаңғағын отырғызуды дәстүрге айналдырмақшы

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде топырақ салынған ыдыстарға емен жаңғақтарын отырғызу бойынша "Жердің болашағы саған байланысты" акциясы өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Атамекен - Родина" ҚБ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған шараға мектептің 1-4 сынып оқушылары қатысты. Мақсат – табиғатты, қоршаған ортаны қорғай білуге үйрету, Жер ғаламшары - тірі және оған қамқорлық қажет екендігі туралы түсінік беру.  

Оқушылар болашақта жас емен көшеттерін алу үшін топырақ салынған кішкентай стақандарға өздері емен жаңғақтарын отырғызды. Бұдан кейін емен көшеттерін мектепке жақын жерге егу арқылы өсімдіктер дүниесін түрлендіру және көгалдандыру жоспарланып отыр.  

"15-19 қаңтар күндері 200 емен жаңғағы отырғызылды. Оқушыларға оларды әрі қарай күту бойынша түсінік берілді. Әр бала өзіне мықты емен өсіріп шығару міндетін қойып, өз көшетін үйіне алды. Емен ежелден денсаулықтың, күш пен ұзақ өмір сүрудің нышаны болып саналады. 29 қаңтар - 2 ақпан күндері аралығында тағы да 300 көшет отырғызу көзделіп отыр", - дейді мектеп директоры Зәуреш Ахмадова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу