Павлодарда өндіріс қауіпсіздігінің талаптары сақталмайтыны анықталды

768

Құзырлы органдар 10 олқылықты тапты.

Павлодарда өндіріс қауіпсіздігінің талаптары сақталмайтыны анықталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаменті кестеге сәйкес Павлодар қаласындағы "Компания Нефтехим LTD" кәсіпорнын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл зауытта метил-тред-бутилді спирт дайындалады. Ол өз кезегінде көліктерге арналған жанар-жағармайды, пластмасса, қаптама ыдыс және басқа да заттарды шығаруда пайдаланылады.

Тексеріс кезінде қауіпті өндірістік нысандар мен техникалық қондырғылардың жұмысы бақыланды. Департамент мамандары барлығы 13 нысанды тексерді. Олардың ішінде мұнай-химия өнімдерін дайындайтын аумақтар, су станциясы, факелді қондырғы, технологиялық желілер, химиялық зертхана және тағы басқалары бар. Соның нәтижесінде өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталмауына қатысты 10 кемшілік анықталды.

Атап айтқанда, кәсіпорын тарапынан басшыларды, мамандарды, жұмысшыларды өндірістік қауіпсіздік ережелері бойынша оқыту жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Апаттық жағдай орын алғанда өндірістік аумақтардан шығу жоспары апаттық-құтқару қызметтерінің мақұлдауынан өтпеген. Осы сынды олқы тұстар аз емес.

Мемлекеттік инспекторлар оларды назарға алып, жою жөнінде ескерту берді және Әкімшілік Кодекстің 1-бөлімі 298-бабына сәйкес айыппұл салды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу