Павлодарда өндірістік жарақаттан 112 адам зардап шекті

972

Алты жұмысшы кәсіпорында қайтыс болды.

Павлодарда өндірістік жарақаттан 112 адам зардап шекті

Өңірлік еңбек басқармасының мәліметінше, өткен жылы өндіріс орындарында жарақат алу көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 4%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, өткен жылы аймақтағы кәсіпорындарда 108 оқыс оқиға болып, 112 адам жұмыс орнында зардап шекті. Алты адам өндірістік жарақат салдарынан қайтыс болды, тағы 62 жұмысшы ауыр жарақаттар алды.

Еңбек басқармасы бұл жайттардың барлығын саралай келе, жұмыста жарақат адам алатын адамның портретін жасады. Белгілі болғандай, еңбек өтілі үш жылдан аз ер адамдар жиі жарақат алады екен. Оқыс оқиғалардың көбі күндіз болады. Жұмысшылар байқаусызда немесе өндірістегі жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан жарақаттанады.

Кей жағдайларда кәсіпорындардың басшылығы оқыс оқиғаларды бүгіп қалады. Өткен жылы осындай алты жағдай әшкере болды.

"Жұмыс беруші бір тәулік ішінде оқыс жағдай туралы бізге хабарлауға тиіс. Егер жұмысшы жеңіл жарақат алса, жұмыс беруші басқармаға өтініш беріп, өзі қызметтік тексеру жүргізуге жауаптанады. Жарақат ауыр болған жағдайда аурухананың қорытындысы қажет. Ал оқыс оқиға салдарынан адам жұмыс орнында қайтыс болса, бірден тергеу ісіне кірісеміз", - дейді облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Өндірістік жарақаттарды жасырып қалуға болмайды. Әйтпеген жағдайда жұмысшы тиісті төлемдерден қағылады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу