Павлодарда өндірістің даму қарқыны – 100,4%

623

Жыл басынан бері Павлодар облысының экономикасына 368 млрд теңге инвестиция тартылған.

Павлодарда өндірістің даму қарқыны – 100,4% Фото: Мария Матвиенко

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов соңғы 10 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын мәлім етті.

"Өндірістің даму қарқыны – 100,4%. Өндірілген өнімнің жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайды. Тау-кен саласында мыс өндіру қарқыны ерекше болды. Электр энергиясын өндіру 1,8%-ға артты. Машина құрылысының да даму қарқыны жаман емес. Мысалы, "Проммашкомплект" акционерлік қоғамы өткен жылмен салыстырғанда темір жол дөңгелектерін 4,4 есе көп шығарды. Сонымен қатар, ферросилиций және металл өндірісі де алдыңғы қатарда. Біз бұрынғыдай өндірісті кластерлік дамытудың болашағы бар деп есептейміз. Мәселен, алюминий кластері барған сайын қалыпқа түсіп келе жатыр. Осы күні шикізаттан автомобиль дөңгелектері шығарылып келсе, жылдың аяғында радиаторлар өндірісі басталады. Мыс кластерінің де даму әлеуеті жоғары. Тек Бозшакөлдің өзінде жылына 100 мың тоннадан астам металл өндіріледі", – деді облыс әкімі.

Әбілқайыр Сқақовтың мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысының экономикасына шамамен 368 млрд теңге инвестиция тартылды. Жалпы ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индексі – 105,5%.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу