Павлодарда өрт 62 жастағы адамның өмірін жалмады

Бір түнде Павлодар қаласында екі үйден өрт шықты.  

Павлодарда өрт 62 жастағы адамның өмірін жалмады Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні облыс орталығындағы екі қабатты баспанадағы пәтерлер қызыл жалынға оранды. Салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямовтың айтуынша, "101" пультіне Набережная көшесі, 5 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып жатқаны туралы хабар түскен. Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты шарпып, жиһаздар мен үйдегі заттар отқа орнады. Өрт орнынан 1960 жылы туған ер адамның денесі табылды.

"Қазіргі уақытта өрт себептері анықталуда. Оны сөндіруге 28 адам мен 8 техника жұмылдырылды", - дейді Тілекжан Галямов.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 280 мекенжайындағы тағы бір пәтер отқа оранды. Өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарып, 25 адамды эвакуациялады. Пәтердің 1996 жылы туған иесі дене күйігін алып, ауруханаға жеткізілді. Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу