Павлодарда орталық мұз айдыны ашылды

922

Павлодарда орталық мұз айдыны ашылды

Павлодарда орталық демалыс және мәдениет саябағында мұз айдыны ашылды. Облыс орталығында барлығы 25 мұз айдыны құйылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еске сала кетейік, өткен жылы орталық сырғанақты облыс әкімдігінің алдына салған. Сол кезде брусчатканы ауыстыру жоспарланған. Жөндеу жұмыстарынан кейін биліктегілер  сырғанақты бұрынғы орнына – қалалық саябаққа ашу туралы шешім қабылдады. Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Қабиевтің айтуынша, бұл жер мұз айдыны үшін тұрақты орынға айналады. 

Сырғанақты қала әкімінің орынбасары Саян Мұқанов ашты. Ол мерекеге орай әкімдіктің атынан жас хоккейшілерге жаттығу формасын сыйлады.

"Павлодарда біздің бөліммен 25 мұз айдыны құйылды, - дейді Айбек Қабиев. – Биыл бұл мақсатта 8,9 миллион теңгеге трактор сатып алдық. Бұған қоса, 20,5 миллион теңгеге мұз құю машинасын сатып алуға конкурс өтті. Сонымен қатар, жүз жұп коньки жалға беруге сатып алдық. Ересектер 400 теңгеге, балалар 200 теңгеге сырғанай алады. Павлодарлықтар ауқаттанып жылынуы үшін жанында кофехана орналасқан. Корттың аумағы – 30, 40 метр".

Бұл әдеттегі хоккей алаңынан кішірек. Дегенмен билік өкілдері келесі жылы сырғанақ үлкен болады деп сендіруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу