Павлодарда өртенген үйден 12 адам құтқарылды

159

Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

Павлодарда өртенген үйден 12 адам құтқарылды Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 1986 жылы туған ер адамның түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған тұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 15 шаршы метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу