Павлодарда өрттен екі бала мен әйел адам көз жұмды

614

Павлодарда өрттен екі бала мен әйел адам көз жұмды

Павлодарда өрттен 30 жастағы әйел мен оның екі баласы көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Қайғылы оқиға кеше, яғни маусымның 12 күні орын алған. Өрт жеке меншіктегі жер үйлердің бірінде, моншаға жапсарлас салынған жазғы асханадан шыққан.

Өрт сөндірушілер моншадан әйел мен 7 мен 4 жастағы екі баланың мәйітін тапты. Оқиғаның қалай орын алғаны әзірге белгісіз.

Алдын ала болжам бойынша, өртке асханадағы электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу