Полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, оған Қазақстанға 5 жыл бойы кіруге тыйым салынды.
Павлодарда тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 1 387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың 1 362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған.