Павлодар облысында Ертіс өзенінің бетіндегі толық қатпаған мұздың бетіне шығып кеткен 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды ІІМ ТЖК сілтеме жасап 24 Хабар.
Усолки ауданының маңынан ағып өтетін өзеннің бетіндегі мұзда жүрген балақайларды ТЖД жедел құтқару отрядының сарбаздары аман алып қалған. Балалардың ең кішкентайы 6 жаста. Эвакуациядан кейін балалар құтқару станциясына жеткізіліп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Артынша балалар ата-аналарына тапсырылды. Балалар шығып кеткен мұздың қалыңдығы небәрі 3 сантиметр болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу